2024–2025 оқу жылының үздіктері марапатталды!

26.05.2025

2024–2025 оқу жылының үздіктері марапатталды!

Бүгін мектебімізде 2–4 сынып оқушыларының арасында білімге деген құлшынысы мен үздік жетістіктерімен ерекшеленген оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Бұл – олардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының жарқын нәтижесі!

Үздіктер қатарынан табылған оқушыларымыз түрлі пәндерден жоғары көрсеткіштер көрсетіп, мектеп өміріне белсене атсалысты. Олар – болашақтың жарқын жұлдыздары, еліміздің ертеңіне сенімді қадам басып келе жатқан жас буын өкілдері.

Мұғалімдер мен ата-аналар қауымы жас жеткіншектердің табысына шын жүректен қуанып, олардың болашақта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Барлық үздік оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын!

Просмотров: 630

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу