Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік отырысы

13.10.2025

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік отырысы

Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінде
бастауыш сынып мұғалімдері арасында Lesson Study үдерісі аясында
1-сабақтың әдіс-тәсілдерін талқылау отырысы өтті. 👩‍🏫

Отырыстың мақсаты – сабақ үдерісін зерттеу арқылы оқушылардың
оқу белсенділігін арттыру, тиімді педагогикалық тәсілдерді
тәжірибеге енгізу және әріптестер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту.

Кездесу барысында мұғалімдер Lesson Study зерттеу сабағында
қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен нәтижесін талдап,
оқушылардың оқу жетістігіне әсерін саралады. 💡

Осындай кәсіби талқылаулар ұстаздарға өз тәжірибесін жетілдіріп,
оқыту сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді. 🌿

Просмотров: 154


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу