«Адам папилломасы вирусы (ВПЧ) дегеніміз не? ВПЧ-ге қарсы вакцинация – дені сау болашаққа қадам!» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.

15.10.2025

«Адам папилломасы вирусы (ВПЧ) дегеніміз не? ВПЧ-ге қарсы вакцинация – дені сау болашаққа қадам!» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. 💉

🗓 2025 жылғы 10 қазан күні
📍“Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де

Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға адам папилломасы вирусы (ВПЧ) туралы ақпарат беру, аурудың алдын алу жолдарын түсіндіру және балалардың денсаулығын қорғауда вакцинацияның маңыздылығын атап өту.

Мамандар ата-аналарға ғылыми тұрғыда нақты деректер ұсынып, ВПЧ инфекциясының алдын алудың тиімді әдісі – уақытылы екпе алу екенін түсіндірді.
Осындай кездесулер – ата-аналардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, жас ұрпақтың дені сау болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

#ДеніСауБолашақ #Вакцинация #Профилактика #ШортандыМектебі

Просмотров: 129


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу