Save As Bot — скачать: Lesson Study аясындағы сабақтар өтті.

05.01.2026

> Save As Bot — скачать: Lesson Study аясындағы сабақтар өтті.
2025 жылдың 19 желтоқсан күні мектебімізде Lesson Study бағытында 2-сыныптың қазақ тілі және 7-сыныптың математика пәндерінен екінші кезекті сабақтар өткізілді.
Сабақтарда оқушылар белсенділік танытып, ЖИ арқылы тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Жұптық, топтық жұмыс барысында бір-бірін қолдау, пікір білдіру, ортақ шешімге келу дағдылары байқалды.
Сабақ аяқталған соң мұғалімдер бірлесе отырып талдау жүргізіп, келесі зерттеу сабақтарына түрткі боларлық ұсыныстар мен идеялармен бөлісті. Lesson Study тәсілі мұғалімдердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және оқушылардың оқу үдерісін жақсартуға оң әсерін тигізуде. 

Просмотров: 117


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу