«Құқықтық мемлекет»

21.01.2026

11-сыныпта «Құқықтық мемлекет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
мақсаты – оқушыларға құқықтық мемлекеттің мәнін түсіндіру, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, заңға құрметпен қарау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Сабақ барысында құқықтық мемлекет ұғымы, заңның үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, өмірлік жағдаяттар бойынша ой бөлісті.

Просмотров: 5812


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу