«Заң мен тәртіп» концепциясы аясында өткізілген іс-шара

01.04.2026

 «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында өткізілген іс-шара

Ағымдағы жылдың ақпан айында ұсынылған «Не книжная закладка» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдері негізінде 9–11 сынып оқушылары арасында профилактикалық бағыттағы сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер және топтық талқылаулар өткізілді.

🎬 Іс-шара барысында білім алушылармен бірге: – жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бару себептері;
– оның құқықтық және әлеуметтік салдарлары;
– «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы;
– күмәнді ұсыныстардан бас тарту дағдылары талқыланды.

🗣 Талқылау нәтижесінде оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.

📊 Қосымша ретінде білім алушылар арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижелері талданды.

📸 Іс-шарадан фотоматериалдар ұсынылады.

Просмотров: 4270


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу